Геннадий Головкин: Мюрреймен жекпе-жектен кейін Коттомен айқасқа түскім келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулының иегері орташа салмақтағы (72,6 келіге дейін) қазақстандық Геннадий Головкин биылғы жылы осы ұйымның толыққанды чемпионы Пуэрто-Рикодан Мигель Коттомен кездескісі келетінін айтты.
Еске салсақ, 21 ақпанда WBA Super және IBO титулдары тиесілі Геннадий британдық Мартин Мюреймен жекпе-жекке шығады, «Одан кейінгі кезекте Коттомен кездесуге ниеттімін. Мұны өзім де қатты қалаймын. Жанкүйерлер де мұны қуана құптайтынына сенімдімін. Биылғы жылы pay-per-view айқасын көрсеткім келетінін айтқан болатынмын. Маған мықты Котто, Альварес, Чавес сияқты қарсыластар қажет. Котто - WBC чемпионы, ал мен орташа салмақтағы барлық титулды қанжығама байласам деймін», - деген Головкиннің сөзін келтіреді Boxingscene.