Геннадий Головкин: Нью-Йорктегі кезекті Big Drama Show-ды тағатсыздана күтудемін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дэниэль Джейкобспен кездесу үшін «Мэдисон Сквер Гарден» аренасына оралуды асыға күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Маған «Мэдисон Сквер Гарденде» жұдырықтасқан ұнайды, ол менің екінші үйім тәрізді. Дэнни - тамаша боксшы, орта салмақтағы үздіктердің бірі және мен үшін бұл кездесу үлкен сынақ болғалы тұр. Мен Нью-Йорктегі кезекті Big Drama Show-ды тағатсыздана күтудемін», - деді Геннадий Fino Boxing-ге берген сұхбатында.