Геннадий Головкин нокауттар сериясын 21-ге жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстың орта салмақтағы WBA (Super), IBF, WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы Геннадий Головкин қатарынан 21-ші нокаутқа қол жеткізді.
None
None

Головкин канадалық Давид Лемьені Нью-Йорктің MSG аренасында 8-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңген болатын. Еске сала кетейік, биыл мамыр айында кіші Вилли Монроны нокаутқа жіберіп, атақты Майк Тайсонның рекордын жаңартқан болатын. "Темір Майк" өз мансабында қатарынан 19 нокаут жасады. Головкин 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы, оның 31-і нокаутпен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар