Геннадий Головкин: Орта салмақта кімнің титулы бар, бәрімен айқасқым келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин алдыңғы кезекте өз салмақ дәрежесіндегі барлық чемпиондармен айқасқысы келетіндігін мәлім етті.

Геннадий Головкин: Орта салмақта кімнің титулы бар, бәрімен айқасқым келеді

«Мен орта салмақтағы барлық белдікті біріктіргім келеді. Кімнің титулы бар, бәрімен айқасқым келеді»,-деген Головкиннің сөзін келтіреді Boxing Scene.

17 қазанда Головкинді IBF титулының иегері Давидом Лемьемен жекпе-жек күтіп тұр.

Бұл кездесудің жеңімпазы Мигель Коттоның иелігіндегі WBC белдігі үшін міндетті үміткер болып табылады. Ал WBO белдігі Энди Лидің еншісінде.