15:01, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Геннадий Головкин: Отаныңды ауыстырғаның - өзiңдi сатқаның
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Отаныңа адал болып, оны ешқандай жағдайда да сатпау қажет деп есептейдi. Бұл туралы ол бүгiн Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.

"Отан - сен туған жер, сенiң отбасың, туыстарың тұратын ұяң. Мен үшiн Қазақстан оттан да ыстық, ол менiң елiм. Осында тусаң, өзге жерге Отаныңды ауыстырма. Отаныңды ауыстырғаның - өзiңдi сатқаның. Бiз дүниеге келгенде Отанымызды, ата-аналарды, достарды таңдамаймыз", - деп атап өттi боксшы.
Оның ойынша, балаларды ерте жастан патриоттыққа тәрбиелеу қажет. Оның негiзгi құралдарының бiрi - спорт.