Геннадий Головкин өзiнiң мансабы жайында кiтап жазбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин болашақта кiтап жазуды жоспарлауда. Бұл туралы ол бүгiн Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.

Геннадий Головкин өзiнiң мансабы жайында кiтап жазбақ

"Менiң әуесқой бокстағы мансабым өте қызық өттi. Мен мүмкiн сол туралы кiтап жазамын. Әуесқой боксты сағынып жүргенiм емес, сол кездегi жүрiп өткен жолым қызық болды. Бiрақ мен ол туралы кейiн жаза жатармын", - деп атап өттi Головкин.

Оның айтуынша, оны киноға түсуге де бiрнеше рет шақырған, алайда ол боксқа ден қойғандықтан, бұл шақыртуларға келiсiмiн бермеген.