Геннадий Головкин P4P боксшыларының рейтингіне енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – BoxRec порталының ұсынуы бойынша, салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшылардың рейтингі құрылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Өткен айда тізімнің алдында тұрған он адамның ешқайсысы орындарын өзгерткен жоқ, яғни барлық боксшылар өз позицияларын сақтап қалды. BoxRec-тің ұсынысы бойынша құрылған pound-for-pound боксшыларының тізімі.
1. Сауль Альварес (Мексика);
2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);
3. кіші Эррол Спенс (АҚШ);
4. Геннадий Головкин (Қазақстан);
5. Деонтей Уайлдер (АҚШ);
6. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
7. Мэнни Пакьяо (Филиппин);
8. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);
9. Василий Ломаченко (Украина);
10. Сергей Ковалев (Ресей).