Геннадий Головкин P4P рейтингінде 9-орнын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беделді америкалық The Ring журналы салмақ санатынан тыс үздік боксшылардың жаңартылған P4P (Pound for pound) рейтингін жариялады.
ТОП-10-да кіші Флойд Мейвезер көш бастаса, екінші орында - Владимир Кличко, үшінші болып филиппиндiк Мэнни Пакьяо тұр.
WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) ресейлік Сергей Ковалевті артқа тастап, тізімдегі тоғызыншы орнын сақтап қалды.
Еске салайық, 2 мамыр күнi үздiк үштiк боксшылары Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жұдырықтасатын болады. Ал Головкин 16 мамырда америкалық Вилли Монроға қарсы жекпе-жекке шығады деп күтiлуде.