Геннадий Головкин - P4P рейтингінде екінші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Thelivingdaylights.co сайты өзінің салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемдегі үздік боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
WBA/IBF/IBO/WBC (interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ТОП-10-та Роман Гонсалестен кейін екінші орында. Үздік үштікті Андре Уорд тұйықтады.
«Головкинді өзге боксшылардан техникасы, күші мен басымдық стилі ерекшелейді. Головкиннің қарсыластарының әр қадамын аңдап басуға мәжбүрлеуден де алдына жан салмайды.
Біздің көргіміз келетіні Канело Альвареспен жекпе-жегі. Канелоның 160 фунтқа көтеріліп, Головкинмен кездесетін уақыты келді. Головкин - Альварес жекпе-жегі бокс үшін қажет», - деп атап өтілген материалда.