11:59, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Геннадий Головкин P4P рейтингінде өз орнын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 маусымда танымал The Ring басылымы салмақ дәрежесінен тыс (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

ТОП-10 боксшыларының позициясы еш өзгеріске түспеген. Көшті бастап тұрған Роман Гонсалес, екінші орынды місе тұтқан Сергей Ковалев және қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үшінші қатарда тұр.