Геннадий Головкин рингке нокаут үшін шығады - Шугар Рей Леонард

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин рингке нокаут үшін шығатын үш боксшының бірі болып табылады, деп өз пікірін бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Шугар Рей Леонард білдірді. Бұл туралы GGG в ВКонтакте желісінде хабарлады.

Геннадий Головкин рингке нокаут үшін шығады - Шугар Рей Леонард

«Геннадий Головкин рингке бір ғана оймен - нокаут үшін ғана шығатын үш боксшының бірі болып табылады. Головкиннің миы бір мақсатқа ғана бағытталған. Ол осы уақытқа дейін жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келді және үздік боксшылардың қатарынан табылуға әбден лайықты», - деп атап өтті Шугар Рей Леонард.