Геннадий Головкин Риота Муратамен айқасқа дайындық видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапондық Риота Муратамен айқас алдында Twitter-де видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Геннадий Головкин Риота Муратамен айқасқа дайындық видеосын жариялады

Бүгін, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) Saitama Super Arena-да IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA суперчемпионы белбеуінің иегері, жапондық Риота Мурата айқасады.

Бұған дейін хабарланғандай, Геннадийдің туған қаласы Қарағандыда оның жекпе-жегін бес үлкен экраннан көруге болады. Тікелей эфир Достық үйінде, Геннадий Головкин атындағы спорт кешенінде, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде, Кеншілер мәдениет сарайында, City Mall СОСО-да ұйымдастырылады.

Спорттық шоуды «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Сайтамадағы бокс кеші басталды. Головкин — Мурата басты жекпе-жегі 18:10-ға жоспарланған.