Геннадий Головкин - Сауль Альвареспен кездесуі мүмкін қарсыластар ішінде басты үміткер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық BleacherReport сайты америкалық Джеймс Кирклэндті нокаутпен жеңген мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсылас болуға лайықты басты үміткерлердің тізімін жариялады.
Тізімді қазақстандық Геннадий Головкин басқарды, деп хабарлады sports.kz.
BleacherReport нұсқасы бойынша Сауль «Канело» Альварестің ықтимал қарсыластары:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Мигель Котто (Пуэрто-Рико)
3. Давид Лемье (Канада)
4. Тимоти Брэдли (АҚШ)
5. Деметриус Андраде (АҚШ).