Геннадий Головкин Сочидегі балалар үйіне барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин бокс аңызы Р. Дюранмен бірге Ресейдің Сочи қаласындағы балалар үйіне барды, деп жазады Sports.kz.
Бұл жайлы чемпионның промоутері Том Леффлер Twitter парақшасында жариялады. «Геннадий Головкин мен Роберто Дюран Сочидегі балалар үйіне барып, балалардың көңілін бір көтеріп тастады», - дейді Леффлер.
Еске сала кетсек, Головкин Сочиде өткен халықаралық бокс форумында «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» және «Жылдың үздік жекпе-жегі» аталымдарының жеңімпазы атанған болатын.