Геннадий Головкин Сочидегі халықаралық бокс форумының ашылуына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Сочиде (Ресей) халықаралық бокс форумының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин Сочидегі халықаралық бокс форумының ашылуына қатысты

Сахнаға көтерілген қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның қолынан арнайы марапат алды.

Форум осы аптаның соңына дейін жалғасады және бірінші ауыр салмақта ресейік Мурат Гассиев пен кубалық Юниер Дортикос арасында болатын Дүниежүзілік бокс суперсериясының жартылай финалдық жекпе-жегімен аяқталады.