Геннадий Головкин спорттағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің отырысына қатысты

ұок
Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин спорт саласы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің отырысына қатысты.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 3 сәуір күні Астанада өткен жиынға ҚР жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, ҚР спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев, әкім Жеңіс Қасымбек және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Отырыс барысында спорттағы жүйелі мәселелер мен осы саладағы сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық және ұрлық деңгейінің өсуіне ықпал ететін жайттарды дереу анықтап, жою қажеттігіне баса назар аударылды.

Жиын соңында спорт саласындағы құзырлы органдарға талдау барысында айтылған ескертулерді жою туралы ұсыныстар айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, есімі әлемге танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 26 ақпан күні Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланған болатын.

Соңғы жаңалықтар