Геннадий Головкин үшінші раундта Мэттью Маклинді нокаутқа жіберді. ВИДЕО
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы (72,6 кг дейін)
чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өтті. Онда чемпиондық белдеу иегері 31 жасар қазақстандық Геннадий Головкин (26-0, 23 КО) мен 31 жастағы британдық боксшы Мэттью Маклин (29-4, 20 КО) қолғап түйістірді.
Геннадий Головкин үшінші раундта Мэттью Маклинді нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sports.kz .