Геннадий Головкин: Вилли Монромен ерекше жекпе-жек өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақ дәрежесінде WBA/IBO чемпионы және WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион Геннадий Головкин келесі қарсыласы Вилли Монромен өтетін айқас тәсілі жайлы пікірін білдірді.

Геннадий Головкин: Вилли Монромен ерекше жекпе-жек өтеді

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Бұл мен үшін де, жанкүйерлерім үшін де ерекше айқас болмақ. Онымен айқас екі раундпен шектеледі деп ойламаймын. Монро мықты боксшы. Ол Гильермо Ригондо немесе Эрисланди Лара сияқты кубалық стилді ұстанады. Ол Канело Альвареске де, маған да оңай қарсылас болмайды», деп атап өтті қазақстандық боксшы.