Геннадий Головкин World Boxing News нұсқасы бойынша рейтингте бір сатыға түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық WorldBoxingNews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.
Геннадий Головкин шілд айындағы ТОП-50-де Мигель Коттоны алға жіберіп, төртінші орыннан бесінші сатыға түсті.
Үздік үштікте Флойд Мейвезер, Владимир Кличко мен Роман Гонсалес тұр.