Геннадий Головкин: «Юбенк - сайқымазақ, ол менімен айқасқысы келмеді»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA/WBC/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің пікірінше, британдық чемпион кіші Крис Юбенк жекпе-жек туралы оған айтқанда айқасқысы келмеген, деп жазады sports.kz.
«Юбенк өзінің бет-бейнесін көрсетті. Ол тура сайқымазақ секілді. Шектен тыс көп сөйлейді, соған аса көп уақытын кетіреді. Бұл не бизнес, не бокс емес. Бұл боксты сыйламау дегендік. Жалпы оның менімен айқасқысы келді ме, білмеймін. Жоқ деп ойлаймын. Шамасы, ол жекпе-жекке дайын емес, тек сөзбен айтқаны болмаса»,-деген Головкиннің сөзін келтіреді Boxing News 24.