Геннадий Головкин: «Жақын арада сіздерге қызықты жекпе-жек ұсынамын деген үмітім бар»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерін қолдаулары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта оларды жақсы жекпе-жекпен қуантатынына үміт артып отырғанын айтты, деп хабарлады Sports.kz.
«Парақшама жазылушылардың саны жарты миллион! Барлықтарыңызға қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рахмет! Жақын арада тартысты жекпе-жек сыйлаймын деп үміттенемін», - деп жазды Геннадий.