Геннадий Головкин: Жанкүйерлерім мен командама қолдау көрсеткендері үшін рахмет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин жанкүйерлері мен өз ұжымын қолдағандары үшін алғыс айтты, деп хабарлады Sports.kz.
«Жанкүйерлерім мен командама қолдау көрсеткендері үшін рахмет», - деп жазды WBC чемпионы өз Твиттерінде.
Еске сала кетейік, орта салмақтағы қазақстандық чемпион тағы бір титулға ие болғаны белгілі болды.
«Дүниежүзілік бокс кеңесі „Golden Boy Promotions"-тен Сауль Канело Альварестың орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартуы жайлы ресми хабар алды. Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. WBC Канелоға карьерасында сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге үміт артып отырмыз». - делінген ұйым қаулысында.