18:47, 16 Қазан 2015 | GMT +5
Геннадий Головкин: «Жанкүйерлерімді, өз елімді құрметтеймін»
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдамалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы Геннадий Головкин IBF тұжырымдамасы бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы, 26 жастағы Давид Лемьемен жекпе-жегінің алдында қазақстандық боксшы еліндегі жанкүйерлерінің қолдауын сезініп отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан.

- Геннадий, осы сенбі күні сенің мансабыңдағы ең үлкен жекпе-жек өтеді, өзіңді қалай сезінудесің?
- Иә, дұрыс айтасың, бұл - мен үшін ең үлкен жекпе-жек. Өзімді тамаша сезініп отырмын. Мен өте сабырлымын, себебі қасымда достарым мен командам бар, жекпе-жекке небәрі екі күн қалды.
- Қазақстанда сенің есіміңді салып сапқа тұрған сарбаздар туралы сұрағым келіп отыр. Сенің елің есіміңді жазу үшін осылай бірігіп отырғанда, не сезесің?
- Бұл - өте үлкен қолдау, мен үшін үлкен сыйлық. Өз жанкүйерлерімді, туған елімді құрметтеймін. Адамдар сенің қандай тұлға екеніңді түсінеді.
- Өзіңді мықтымын деп санайсың ба?
- Білмеймін, оны уақыт көрсетеді.
- Сен оны рингте көрсетесің ғой...
- Әрине.