08:46, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Геннадий Головкин жапондық Нобухиро Ишидаға қарсы өтетін жекпе-жекке дайындала бастады
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Орташа салмақ дәрежесінде WBA/IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алдағы уақытта жапондық Нобухиро Ишидамен өтетін шайқасқа дайындығын бастап кетті. Бұл туралы vesti.kz. хабарлады.

Жаттықтырушы Абель Санчестің басшылығымен Головкиннің дайындығы Биг-Беар тауында (АҚШ, Калифорния штаты), The Summit бокс залында өтуде.