Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Қазмедиа орталығында өткен кездесуде жанкүйерлер Генаны үлкен қошаметпен қарсы алды. Спортшымен жүздесу ашық форматта өтті. Кез келген жанкүйер өз сауалын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Өз кезегінде боксшы залдан түскен әр сауалға жауап қайыруға тырысты.
Ең басты сауалдардың бірі - Гена мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің қашан ұйымдастырылатыны болғаны жасырын емес.
«Оны өзім де тағатсыздана күтіп отырмын. Ол жекпе-жектің ұйымдастырылуына бар күшімізді салып жатырмыз. Мен орта салмақта барлық белбеулерді иеленсем деймін», - деді Г. Головкин.
Айта кетейік, Г. Головкин келесі кездесуін күзде өткізетіндігі белгілі. Алайда оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. Сауль Альварес Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқаннан кейін, қазақстандық боксшы WBC титулына ие болған еді.