Геннадий Головкинге атаулы «Вест Хэм Юнайтед» футболкасын табыс етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Геннадий Головкин командасымен бірге ағылшын Премьер лигасының матчына барды, деп хабарланды ВКонтактедегі GGG тобының парақшасында.
«Вест Хэм Юнайтед» және «Манчестер Сити» (2:2) арасындағы лондондық матчта Геннадий өз тегі және нөмірмен жеңіс сериясы (34-0) бейнеленген атаулы футболкасын сыйға алды.
«Орта салмақтағы ен жеңіліп көрмеген әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін бізде қонақта болды!», - деп хабарлады «West Ham United FC» ресми твиттерінде.