Геннадий Головкинге Флойд Мейвезермен жекпе-жекке шығуы қажет - жаттықтырушы пікірі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қазанда орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион Марко Антонио Рубиомен шаршы алаңда кездеседі, деп хабарлайды sports.kz.
Рубионы жеңу қазақстандық боксшының басты мақсаты емес. Оның жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, Геннадийге Флойд Мейвезермен жекпе-жекке шығуы қажет.
"Менің ойымша, Мейвезермен жекпе-жек - Геннадийдің арманы. Егер бұл кездесу ұйымдастырылса, өте тамаша. Егер болмаса, біз басқа қарсылас табамыз",-дейді Абель Санчес.