Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Вести.кз.
Boxrec мәліметтері бойынша, қазақстандық боксшы келесі кездесуін WBO және IBF нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы, 32 жастағы австралиялық Дэниэл Гилмен өткізеді. Дэниэл Гил кәсіби рингте 32 кездесу өткізіп, оның 30-ында жеңіске жетіп (16 нокаут), 2 кездесуде жеңіліс тапқан. Ал Геннадий үшін бұл 30-шы кездесу және ол WBA нұсқасын 11-рет қорғамақ.
Головкин өзінің жеңіспен аяқталған 29 жекпе-жегінің 26-сында кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.