Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін "Астана-Арена" стадионында өткізеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"17 маусым күні "Астана-Арена" стадионында Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 38-ші жекпе-жегі өткізетін болады. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл - 80 пайызға расталған ақпарат. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекxожин мен WBC президенті Маурисио Сулейман арасында осындай келіссөз болған. ЭКСПО аясында өтетін тамаша жекпе-жекті айта кетейік. Сондай-ақ, 9-шы қыркүйекте қазақтың қайсар боксшысы Қанат Ислам да жекпе-жек өткізеді", - деді "Қазақстан" телеарнасының спорт шолушысы.

Тағы бір айта кеткеннің  артықтығы болмас, бүгінгі жекпе-жекте орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізіп, барлық белбеулерін қорғап қалды. Алайда үздіксіз нокауттар сериясы осымен аяқталды. Ал Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліс тапты.Жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин осы жолғы айқасты 12-ші раундқа дейін жеткізуді көздемегенін жеткізді . 

Соңғы жаңалықтар
telegram