Геннадий Головкиннің онлайн-дүкенінде GGG брендінің тауарлары сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді GGG брендінің тауарларын қазақстандық боксшының ресми сайтындағы интернет-дүкені арқылы алуға болады. Бұл туралы Instagram-дағы gggpromotions парақшасында хабарланды.

Геннадий Головкиннің онлайн-дүкенінде GGG брендінің тауарлары сатылады

Тауарға Геннадий Головкиннің www.gggboxing.com ресми сайтының shop бөлімінде тапсырыс беруге болады. Мұнда тек әлемге танымал GGG логотипі салынған футболкалар мен бейсболкаларды, постерлерді ғана емес, сонымен бірге сыртында боксшының Қазақстан туының фонында түскен суреті бар iPhone-ға арналған телефон қабын алуға болады. Тағы бір атап өтетіні, бірнеше күн бұрын Головкин танымал «MAXIM» журналы үшін суретке түсті. Еске сала кетейік, 18 қазанда Геннадий Головкин Карсондағы (АҚШ, Калифорния) StubHUB рингінде мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесіп, оны екінші раундта-ақ нокаутқа түсірген болатын.