Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыласы әлем чемпионы титулынан айырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында 25 жастағы британдық кіші Крис Юбэнк WBA нұсқасы бойынша орташа салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағын мерзімінен бұрын жеңіп алды.

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыласы әлем чемпионы титулынан айырылып қалды

Бұған оның осы белдіктің енді бұрынғы иегері болып табылатын, қазақстандық чемпион Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға ықтимал болған үміткер - 28 жастағы ресейлік боксшы Дмитрий Чудиновты жеңуі септігін тигізді, деп хабарлайды allboxing.ru.

Алғашқы үш раунд аса тартысты өтті. Осы уақытта Чудиновтың сол жақ көзінің үсті жарылған. Төртінші раундтан бастап, кіші-Юбэнк ресейлік боксшыны соққының астына ала бастады. 12-ші раундта Юбэнк көптеген нақты соққылар беріп, шабуылын табысты өткізді. Чудинов аяғын әзер басып, соққы бермеген соң, рефери жекпе-жекті тоқтату шешімін қабылдады.