Геофизик қызметкер Каспийде ажал құшты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау облысында Каспий теңізінде қайғылы оқиға орын алды, жұмыста жүрген геофизик қызметкер суға кетті.
«Оқыс оқиға Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде геофизикалық жұмыстар жүргізу барысында орын алды. Қайтыс болған қызметкердің жасы 44-те. Ол Атырау қаласының тұрғыны, «Гео Энерджи Групп» компаниясының қызметкері. Қазір тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Атырау облысының ТЖД-ы.