Геологиялық барлау саласында Үкіметтің кемшілігі бар екенін жақсы түсінемін — Президент
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан геологиялық барлау саласындағы кейбір кемшіліктерін жоюға дайын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазақстанда 4 500-ден астам кен орны бар бірегей минералдық ресурстарға ие. Біз пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді реттеуді әлемдегі ең бір реттелген, прогрессивті және ашыққыламыз. Осы мақсатта геологиялық барлауға жеке инвестициялар небәрі алты жыл ішінде 1 миллиард доллардан асты. Ендігі уақытта Қазақстан аумағының 1,6 миллион шаршы шақырымы геологиялық зерттеу үшін қолжетімді», — деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстан нарығына Rio Тinta, Fortescue, HMS Bergbao, Kratos Resources, Cove Capital сияқты жаһандық ойыншылар енгенін атап өтті.
«Сонымен қатар, мен осынау маңызды салада Үкіметтің әлі де кейбір кемшілігі бар екенін жақсы түсінемін. Және де біз осы кемшіліктерді дұрыс жою және нақты осы саладағы инвестициялық климатты жақсарту үшін оларды мұқият қарастыруға дайынбыз әрі міндетті түрде зерделейміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейтіндігін жазған едік.