Геологиялық зерттеулерге басымдық беретін «Еуразия» жобасы аясында консорциум құру көзделеді

Брифинг Елбасы айқындаған «100 қадам» Ұлт жоспары аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы ілгері реформалар тақырыбында өткен болатын.
«Қазақстанның мемлекеттік органдары геологиялық зерттеулерге, іздеу-барлау жұмыстарына инвестиция ағымын ынталандыру мақсатында «Еуразия» халықаралық жобасына салық жүктемесін төмендету, импорттық, қосымша құн салығын төмендету, әкімшілік кедергілерді төмендету, процедураларды жеңілдету мәселелерін қарастыруда. Бұдан бөлек, кен орындарын зерттеудің күрделілігіне байланысты жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну арқылы салық салуларға сараланған қадамдар жоспарланады. Осы арқылы инвесторлар жұмыс нәтижелерінің қорытындысы бойынша ашылуы ықтимал кен орынына рентабелділіктің ыңғайлы нормаларын иелене алады», - дейді Ұ. Қарабалин.
Оның айтуынша, «Еуразия» секілді ауқымды халықаралық жоба аясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2016-2021 жылдар бойынша атқарылатын бағдарламалық жұмыстарға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартымен консорциум құру қарастырылады. Бұдан бөлек, 2015-2016 жылдарға Жер қойнауын пайдалану кодексіне, ал ағымдағы жылы геологиялық зерттеулер жұмыстары барысында салықтық жүктемелерді төмендетуге арналған өзгерістер Салық кодексіне енгізу көзделеді.