19:15, 20 Маусым 2025 | GMT +5
Георгий Жуков «Ақтөбе» командасының сапына ауысты
АСТАНА. KAZINFORM – 30 жастағы жартылай қорғаушы ресми түрде «ақ-қызылдардың» қатарына қосылды.

Еурокубоктық ойын алдында құрамын күшейту үшін «Ақтөбе» басшылығы қатарына тәжірибелі ойыншыларды қосуды жоспарлап отыр. Олар алғашқы қадамын еркін агент атанған қазақстандық футболшы Жуковтан бастады.
Отандасымыз бұған дейін польшалық «Пуща» клубында доп тепті. Алайда Георгийдің бұрынғы командасы маусым соңында төменгі дивизионға түсіп қалған болатын.
Айта кетейік, «Ақтөбе» Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде польшалық «Легиямен» кім мықтыны анықтайды.
Бұған дейін қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары туралы жазған болатынбыз.