Геосаяси тұрақсыздық сыртқы саяси стратегияның жан-жақтылығын талап етеді – Мұрат Нұртілеу

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанаға Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрғасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни ресми сапармен келді. Құрметті мейманды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Геосаяси тұрақсыздық сыртқы саяси стратегияның жан-жақтылығын талап етеді – Мұрат Нұртілеу

«Елордаға алғаш рет ресми сапармен келген Италия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни мырзамен мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Бүгінгі таңдағы геосаяси және геоэкономикалық тұрақсыздық еліміздің сыртқы саяси стратегиясынан жан-жақтылықты талап етеді. Сондықтан, ынтымақтастығымыз бекіген жақын көршілеріміз, стратегиялық әрітпестеріміз – Ресей және Қытаймен қоса Қазақстан әлемнің өзге де ықпалды әрі беделді ойыншыларымен байланыстарын нығайтуда», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, Италия халықаралық аренадағы және Еуроодақтағы біздің аса маңызды стратегиялық әріптесіміз ретінде, Қазақстанның көпвекторлы саясатында ерекше орын алады.

«Қазақстан мен Италия арасындағы биік және жоғары деңгейде сындарлы саяси диалог пен стратегиялық әріптестік орнатылғанын ерекше қанағатпен атап өтемін. Соның ішінде үкімет және парламентаралық ынтымақстастық та қарқынды дамып келеді. Екіжақты шарттық-құқықтық базамыз айтарлықтай ауқымды», - дейді М. Нұртілеу.