Геосаяси жағдайға байланысты еуропалық компаниялар Қазақстанға келуге ниет білдіруде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты көптеген еуропалық компаниялар біздің елге келуге ниет білдіруде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты көптеген еуропалық компаниялар біздің елге келуге аса зор қызығушылық танытуда. Бүгінгі таңда Ұлыбритания, Литва, Дания және Чехияның ірі компанияларымен Қазақстанда жаңа өндіріс ашу, олардың аймақтық кеңселерін ауыстыру туралы нақты келісімдер жасалды», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Роман Василенконың айтуынша, қазіргі таңда елімізде еуропалық капиталмен жұмыс істейтін 3 мыңнан астам компания бар.

Сонымен бірге министрдің орынбасары былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар