Герман Гмайнер халықаралық сыйлығының финалына шыққан Әлия Раева отандастарынан қолдау күтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан паралимпиада құрамасының мүшесі Әлия Раева Герман Гмайнер халықаралық сыйлығының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғарыдағы видеода - жас ана, жеңіл атлетикадан Қазақстан паралимпиада құрамасының мүшесі Әлия Раева. Биыл ол жетім балаларға арналған отбасылық үлгідегі SOS-балалар ауылының негізін қалаушы Герман Гмайнер халықаралық сыйлығының финалына шықты. Қазіргі уақытта Әлия 2-орында тұр. Дегенмен ол дауыс беріп, жеңіске жетуіне көмек бере алатын отандастарының қолдауына сенім артады. Небәрі мына сілтемеге өтіп, Әлия Раеваға дауыс беру қажет. Бәріміз бірігіп, Әлияның арманының орындалуына көмектесейік», - деп жазды Марат Иғали Facebook парақшасында.

Әлия Раева церебральды сал ауруымен дүниеге келгеннен кейін анасы бірнеше күннен соң тастап кеткен. 5 жасынан 1996 жылы Алматыдағы SOS-балалар ауылына орналастырылған. Әлия бала кезінде аяғына үш рет ота жасатып, дәрігерлер оның жүріп кететіндігіне сенімсіздік білдірген болатын. Бірақ, ол жүріп қана қоймай, паралимпиадашы да болған еді.

Айта кетейік, Гмайнер халықаралық сыйлығының финалына бүкіл әлемнен 200 үміткер болып, оның 8-і, яғни 4 әйел, 4 еркек финалға шықты. 23 шілде күні аяқталатын финалдық дауыс берудің қорытындысында ең көп дауыс жинаған 2 жеңімпаз таңдап алынады.


Соңғы жаңалықтар