Германия 2022 жылға қарай атом энергиясынан бас тартады
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Германия үкіметі 2022 жылға қарай барлық атом электрстансасын пайдалануды тоқтатуға шешім қабылдады,
деп мәлімдеді елдің қоршаған ортаны қорғау министрі. Бұл туралы Би-Би-Си-ді Орыс қызметі хабарлады.
Бұған дейін этникалық мәселелер бойынша энергетикалық саясат жөніндегі комиссия неміс өкіметіне атом энергиясын пайдаланудан толығымен бас тартуды ұсынған еді.
Комиссия мүшелерінің пікірінше, АЭС-тан бас тартуға байланысты электр қуатының жетіспеу мүмкіндіктері туса, оны басқа көздер арқылы толтыруға болатын көрінеді.