Германия алдағы уақытта да экономикалық және саяси реформаларды жүргізу ісінде Қазақстан үшін сенімді және жақсы серіктес болады - ГФР Президенті Кристиан Вульф
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Германия Федеративтік Республикасының Президенті Кристиан Вульф құттықтады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Президент мырза,
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Германия алдағы уақытта да экономикалық және саяси реформаларды жүргізу ісінде Қазақстан үшін сенімді және жақсы серіктес болады.
Германия Федеративтік Республикасының Президенті Кристиан Вульф