Германия билігі миграцияны шектейтін жаңа жүйе енгізді
Германия билігі миграцияны шектейтін жаңа амалдарды орындауға келісті. Олаф Шольц Италияның үлгісін негізге ала отырып шетелден пана беру туралы өтініштерді қарайды. Kazinform бұл туралы Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Германия канцлері Олаф Шольц пен 16 федералдық жер жетекшілері миграцияны шектейтін жаңа шараларды орындауға келісті. Даулы мәселелердің бірі пана сұрайтындардың шығынын өтеу болатын, федералдық үкімет оған көмектесуге келісті.
«Ортақ міндетіміз – заңсыз миграцияны тоқтату. Белгілісі, Еуропаның сыртқы елдерінің бұдан да тиімді қорғанысы керек және біз мигранттарды Еуропаға жүйелеп таратуымыз қажет. Сол себепті бүгінгіге қарағанда жеңіл репатриациямен қамтамасыз етуге күш салғанымыз абзал. Ол үшін олар келген ел және транзиттік елдермен миграциялық келісім жасау негізгі шарт саналады», - деп атап өтті Германия канцлері Олаф Шольц.
Сондай-ақ Шольц шетелден пана сұрайтындардың өтінішін қарастыруға уәде берді. Жақында ғана Рим мен Тирана келісімге келіп, соның аясында Италия Албанияда босқындарға арналған орталықтар салып, ол жерге Жерорта теңізінен құтқарылған мигранттарды жіберіп отыру туралы шешімге келді. Шольф Италия үлгісін негізге алатынын айтты.