Германия болашақта да Қазақстанның айнымас серіктесі болып қала береді - Йоахим Гаук

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Германия Президенті Йоахим Гауктен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Германия болашақта да Қазақстанның  айнымас серіктесі болып қала береді - Йоахим Гаук

Йоахим Гаук Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Сізге елдің халықаралық аренадағы белсенді қызметіне және құқықтық мемлекет пен демократия қағидаттарын дамытуға байланысты алдағы мақсаттарыңызды жүзеге асыру жолында табыс тілеймін. Қазақстанның және бүкіл өңірдің алдында зор сын-қатерлер тұр. Германия болашақта да экономика мен қоғамды жаңғырту ісінде Сіздің елдің айнымас серіктесі болып қала беретініне сенімді болыңыз», - делінген жеделхатта.