Германия босқындарды орналастыруға 1 млрд еуро жаратады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия босқындарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және әлеуметтік бейімдеуге 1 млрд еуро (1,12 млрд доллар) бөледі. Атап айтқанда, ағымдағы жылы неміс жері амалсыз қоныс аударуға мәжбүр болған 400 мың адамды қабылдайды деп күтіліп отыр.

Германия босқындарды орналастыруға 1 млрд еуро жаратады

Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Муниципалиттер үкіметтен қалаларға көмек беруді талап етуде. Өйткені, жаңадан келіп жатқан мигранттарды орналастыруға орын жетіспеуде.

Атап өтер болсақ, Германия ЕО-дағы өзге елдерге қарағанда амалсыздықтан келгендердің көп бөлігіне пана тауып беріп отыр.