Германия - Еуропадағы отын бағасы ең қымбат елдің бірі

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германия Федералды статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, елдегі отын құны Еуропадағы ең қымбат бағалардың бірі саналады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
None
None

4 сәуірдегі жағдай бойынша, Германияда дизель отынының литрі - 2,06 еуроға бағаланған. Бұл - «super E5» маркалы бензиннің бағасына тең.

Германия - ЕО-ға мүше елдердің ішінде дизельдік отын құны ең қымбат үшінші мемлекет болып отыр. Одан жоғары бағаны тек Финляндия мен Швециядан ғана кездестіруге болады.

Германиямен көршілес басқа елдерде дизель отыны арзанырақ. Мысалы, Люксембургте - 1,76 еуро, Австрияда – 1,84, Францияда – 1,89 еуро. Ал, Еуроодақтағы дизель отынының ең төменгі бағасы Мальтада. Онда бұл отын 1,21 еуро тұрса, Мажарстанда – литрін 1,42 еуроға құюға болады.

Айта кетейік, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім еткендей, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны арзандатылған бағамен бөлінді.



Соңғы жаңалықтар