Германия Facebook компаниясына әлеуметтік желіге лақап атпен тіркелушілердің аккаунтын бұғаттамау туралы талап қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия Facebook компаниясына әлеуметтік желіге лақап атпен тіркелушілердің аккаунтын бұғаттамау туралы талап қойды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Гамбург федеральді өлкесінің жеке мәліметтерді қорғау бойынша билік өкілі Йоханнес Каспар Facebook әлеуметтік желісі Германия жерінде неміс заңдарына бағынуы тиіс және лақап атпен тіркелушілердің аккаунтын бұғаттамауы керек деп мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, қолданушылар жеке төлқұжаттарын сканерлеу арқылы өз есімдерін куәландыруға да тиіс емес. Әлеуметтік желінің бұл талабы, оның пікірінше, орынсыз және заңға қайшы.

Бұндай даудың тууына компанияның лақап атпен парақша ашқан неміс қызының аккаунтына өзгертулер енгізуі себеп болған. Модераторлар қолданушының келісімінсіз оның шынайы жеке мәліметтерін парақшаға енгізіп жіберген.

Соңғы жаңалықтар