Германия Канцлер Ангела Меркельдің ұялы телефонын АҚШ-тың арнайы қызметтері тыңдады деп күдіктенуде

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Германия тарапы Канцлер Ангела Меркельдің ұялы телефонын АҚШ-тың арнайы қызметтері тыңдады деп күдіктенуде.

Германия Канцлер Ангела Меркельдің ұялы телефонын АҚШ-тың арнайы қызметтері тыңдады деп күдіктенуде

Неміс үкіметінің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберттің хабарлауынша, Меркель АҚШ Президенті Барак Обамаға түсініктеме беруді талап еткен.

Өз кезегінде Обама АҚШ тарапы Германия Канцлерінің телефонын тыңдамағанын алға тартуда.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, сонымен қатар Меркель өзінің ұялы телефоны арқылы тыңшылық жасауды өрескел әркет екенін, сондай-ақ достас және одақтастар арасындағы өзара сенімділікке нұқсан келтіретінін атап өткен.

Естеңізге сала кетейік, француздық баспасөзде америкалық арнайы қызметтер Франция аумағындағы телефон байланыстары жөнінде мәліметтер жинағандығын хабарланған еді. Осыған байланысты кеше АҚШ-тың ұлттық барлау қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.