Германия канцлері А.Меркель тұратын үйдің қасынан бомба табылды
БЕРЛИН. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат – Берлиннің орталығында Германия канцлері Ангела Меркель тұратын үйдің қасынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен жарылмай қалған бомба табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Полиция бомба табылған орыннан 300 метрдей радиустағы адамдардың барлығын көшіріп, содан кейін мамандар салмағы 100 килә шамасындағы оқтұмсықты залалсыздандыруға кірісті. Берлин полициясының хабарлауынша, табылған бомбаға ұқсас оқтұмсықтарды кезінде кеңес әскерлері қолданған, деп хабарлайды Associated Press.Полицейлер, канцлер А.Меркельдің үйі қоршауға алынған аумақта орналасқанын растап отыр, бірақ ақпарат агенттіктерінің мәліметтері бойынша, бомба табылған кезде канцлер қаланың басқа ауданында болған.