Германия канцлері тұңғыш рет ауызашарға қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель тұңғыш рет ауызашар дастарханына қатысып, Ислам діні жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлады www.muslim.kz.
«Сөзсіз, Ислам - Германияның бір бөлігі», - деді Германия Сыртқы істер министрлігінің Берлиндегі қонақтарға арналған резиденциясында өткен ауызашарда.
Бұған қоса, неміс канцлері Рамазан айын діни сенімді нығайтып, рухани жаңғыру айы деп атап өтті. Сондай-ақ, соңғы уақыттары әлемде орын алып жатқан лаңкестік оқиғалардың Ислам дінімен байланыстырылатынына өкініш білдірді. Канцлер неміс еліндегі мұсылмандарды шеттету мен қысым көрсетуді қолдамайтынын айтты.