Германия канцлері Үндістанға мемлекеттік сапармен барды

АСТАНА. KAZINFORM - Германия үкіметінің басшысы Үндістанда мемлекеттік сапармен жүр.

Канцлер ФРГ находится с визитом в Индии
Фото: Bild

Германия канцлері Олаф Шольц, вице-канцлер Роберт Хабек және министрлер кабинетінің жартысы елге үкіметаралық консультациялар өткізу үшін келді.

- Жұма күні Германия үкіметі мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди үкіметі негізінен қорғаныс саясаты саласында көптеген келісімдерге қол қойды, деп жазады Bild.

О.Шольц пен Германияның сыртқы істер министрі Анналена Барбок Үндістанның Батыспен байланысын нығайтуға ұмтылуда.

Неміс делегациясының Делиге ресми сапарымен қатар неміс бизнес қауымдастығы мен Германия үкіметі ұйымдастыратын, Германияның Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынастарын талқылайтын тұрақты іс-шара – Неміс бизнесінің Азия-Тынық мұхиты конференциясы өтуде.

Биыл бизнес қауымдастығы бір мақсатты ерекше атап өтті: ол - Үндістанмен еркін сауда туралы келісімге қол жеткізу.

Германия канцлері келісімге жақын арада қол жеткізуге болатынын айтты: «Бұл тек бірнеше айға созылуы мүмкін», - деді ол.

Германияның Экономика министрі Хабек: «Мұндай келісім екі жақтың алдында тұрған қиындықтарға дұрыс жауап болар еді», - деп қосты.

1,4 миллиард халқы бар Үндістанның экономикасы қарқынды дамып келеді, ал Германия экономикалық қиындықтарға тап болды.

GTAI мәліметтері бойынша, Үндістанның жалпы ішкі өнімі 2027 жылға қарай Германияны басып озады.

Сонымен қатар Германияға білікті шетелдік мамандар қажет. Үндістанның еңбек нарығына ай сайын миллиондаған адамдар кіреді. Германияның Еңбек министрі Хубертус Хейлдің бұл сапардан үміті зор.

Ол rbb24 Inforadio-да Германияның Үндістанда жақсы беделге ие екенін атап өтті. Үндістанның жас мамандары «бүкіл әлемде, әсіресе IT және денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие», - деді ол.

Сонымен қатар, үнді студенттері Германия университеттеріндегі ең үлкен шетелдік топты құрайды. Германияның білім министрі Беттина Старк-Ватцингер Үндістанда неміс элиталық университеттерін алға жылжытуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар