10:45, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
Германия: Қазақстандық үш боксшы екінші айналымға шықты
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Бокстан Германиянның Галле қаласында өтіп жатқан Chenistry Cup додасының алғашқы айналымында жеңіске жеткен қазақстандық үш боксшы екінші айналымға шықты.

Мерей Акшалов ресейлік Петросом Ананянды (16:9), Біржан Жақып бразилиялық Патрик Лоренцоны (19:7), Рүстем Сыбаев орыс Артем Чеботаревты (18:17) жеңіп екінші айналымға шықты.
Бүгін Бекман Сойлыбаев пен Антон Пинчук алғашқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды «Аламан».